Астанада бес баланың анасы терезеден секіріп кетті

Әлеуметтік желіде көпқабатты үйдің ауласынан әйел адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады.

әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Куәгерлердің бірі қыздың жоғары қабаттардың бірінен секіріп кеткенін айтады.

– 1990 жылы туған келіншектің балконнан секіргенін көрдім. Бес баланың анасы еді, кенжесі бір жаста. Күйеуі басқа қалаға кеткен. Екеуінің арасында жанжал болған, - дейді куәгер.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шақырылғанын мәлімдеді.

– Қыз жоғарғы қабаттан құлаған. Ол ауыр жарақаттардан қайтыс болды. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді, - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Полиция департаментінің өкілдері осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?