Алматы таулары жолында топырақ тиеген КАМАЗ жарға құлады

Медеу ауданының таулы аумағында топырақ тиеген КАМАЗ жолдан шығып кетіп, жарға құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz

Алматы. NEGE. Топырақ тиеген КАМАЗ 8 маусымда, сенбіде таудан түсіп келе жатқан жолда апатқа ұшырады.

Әзірге белгісіз жағдайларға байланысты, тауда түсіп келе жатқан көп тонналы көлік жарға қарай құлап, одан әрі домалап бетон қоршауларға соқтығысқан. Аударылу кезінде топырақ толығымен шашылып қалған.

Одан әрі өз инерциясымен аударылған КАМАЗ жолындағы қуатты электр бағанын қиратып, тереңдігі шамамен 20 метр болатын жарға құлады. Жардың төменгі жағында өзен ағып жатыр.

КАМАЗ кабинасы деформацияға ұшырап, мыжылып қалған.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр