Мәскеуде Қазақстан азаматтары үшін жедел желі іске қосылды

Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты жедел желі іске қосылды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мәскеудегі «Крокус Сити Холл» концерт залында болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 телефоны бойынша жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұған дейін хабарланғандай, белгісіз біреулер Мәскеудің Красногорск түбіндегі «Крокус Сити Холл»ғимаратында оқ жаудырған.

Ресей Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу облысындағы терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Федералдық қауіпсіздік қызметі оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша, өрт автоматтан шыққан болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті