Алматыда саңырауқұлақ теруге шығып, адасып кеткендер табылды

Оларды Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары тапты, деп хабарлайды Kazinform.kz. 

ҚР ТЖМ

Алматы, NEGE. «Екі азамат пен бір бала жеңіл автокөлікпен Алматы қаласынан Бақанасқа қарай саңырауқұлақ іздеуге шығып, адасып қалған. Құтқарушылар тобы оларды іздеу жұмыстары барысында жоғалған адамдарды тауып, тас жолға жеткізді. Табылған азаматтар медициналық көмекке мұқтаж емес», — деп жазды ТЖМ-нан.

Ведомство егер құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда, 112 нөміріне хабарласу қажеттігін ескертті.

Қазір оқып жатыр

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апаты: іс сотқа жолданды