Алматыда кәуап дайындайтын орын жанып кетті

Алматыда құтқарушылар кәуәп дайындайтын үй-жайдағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін таңертең Бостандық ауданында мейрамхана аумағында 30 шаршы метр алаңда жеке тұрған кәуәп дайындайтын үй-жай өртенді, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

«ТЖМ күштері жақын орналасқан объектілерге жалынның таралу қаупін қысқа мерзімде жойды. От шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде тоқтатылды», – деп толықтырды ведомство.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның себебі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады