Алматы облысында өртенген жер үйден ер адамның денесі табылды

Алматы облысында түнде үй өртеніп, салдарынан бір адам қаза тапты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 ақпан түнгі сағат 02:49-да Райымбек ауылдық округіндегі саяжай қоғамдастығының тұрғын үйінде өрт шыққан.

Өрт 68 шаршы метр аумақты шарпып, үйдің төбесі опырылып түскен.

«Сағат 04:00-де өрт оқшауланып, 05:03-те сөндірілді. Барлау жұмыстары барыснда үй иесінің денесі табылды», - делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, өрт электр тоғының қысқа тұйықталуынан шыққан. Өртті сөндіруге ТЖД, полиция, жедел жәрдемнің 20 қызметкері мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді

Науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілер сатылымға шығарылған

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды