Семейде бесінші қабаттан құлаған 4 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды

Семейде төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлады.

Казинформ

Алматы, NEGE. Кеше Семей қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған қыз бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Бала алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды.

Сондай-ақ бүгін таңертең Алматының Алмалы ауданында алты жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады.
Түрлі жарақатымен қыз бала ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ кішкентай балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады.