Лоторея монополисті ел спортына қанша қаржы аударды?

Бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов лотереялық қызмет бойынша елімізде монополист болып отырған «Сәтті жұлдыз» акционерлік қоғамы спортты дамытуға қанша қаражат бөліп отырғанын, қай Олимпиада ойынынан қанша медаль алғанымыз жөнінде мәселе көтерді.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Сұраққа Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Мирас Төлебаев жауап берді.

– «Сәтті жұлдыз» АҚ 2017 жылы ақпан айында бірыңғай лоторея операторы болып тағайындалған. Бұл арнайы комиссияның бірлескен түрде қабылданған шешімі. Комиссияның тиісті ұсынысымен акционерлік қоғамға 15 жылға құқық берілген.

«Сәтті Жұлдыз» соңғы 5 жылдың ішінде 17 млрд теңге көлемінде министрлік қарамағындағы спорт корпоративтік қорына, оның ішінде «Қазақстан халқына» қоры арқылы жекелеген спорт түрлерін дамыту мақсатында 5 млрд теңге, өзге де спорт түрлерін дамыту бағытында 12 млрд теңге қаржы аударды. Одан бөлек 1,5 млрд теңге көлемінде жекелеген федерацияларға да қаржы бөлді.

Ал енді жетістікке келетін болсақ қазіргі таңда отандық спортшылар Париж Олимпиадасына баратын 45 жолдама ұтып алды. Осы лицензиялардың ішінде лотереялық оператор қаржыландырған спорт түрлері де бар, – деді вице-министр М.Төлебаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?