Астанадан Миланға тікелей рейс ашылады

Бірінші рейс 8 шілдеде орындалады

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Италияның NEOS авиакомпаниясы алғаш рет Астана әуежайынан Миланға қатынайтын рейстер ашты. Аталған бағыт бойынша бірінші рейс 2024 жылдың 8 шілдесінде орындалады.

Астана халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер ыңғайлы Boeing 787 Dreamliner арқылы жүзеге асырылады.

Екі астана арасында тікелей әуе қатынасының болуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмнің дамуына серпін береді. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы мен көлік-логистика саласының дамуына оң әсер етеді, - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады