Жаңаөзен қаласынан көмек бригадасы Құлсарыға аттанды

Құлсары қаласында болған су басулардың салдарын жою мақсатында Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қолдауымен арнайы техникамен жабдықталған көмек бригадасы Құлсары қаласына аттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Фото: Жаңаөзен қаласының әкімдігі

Маңғыстау, NEGE. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көмек бригадасының құрамында 30-ға жуық техника және 60-қа жуық адамдар бары белгілі болды. Сонымен қатар арнайы жасақ азық-түлік, құрал-саймандармен толық жабдықталған.

Айта кетейік, арнайы техникамен қамтамасыз еткен ұйымдар қатарында "Өзенмұнайгаз", "KazPetroDrilling" АҚ, "Бұрғылау", "МұнайФилдСервис", "Өзенмұнайсервис", "ҚазГӨЗ", "Кен-Құрылыс Сервис" ЖШС және "Өзенжылу", "Өзенинвест", "Өзенэнергосервис" МКК бар.

Сондай-ақ қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіпкерлер және еріктілер де өз үлестерін қосып жатқаны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны салдарынан Атырау облысынан Маңғыстауға 14 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар таңертең Құлсарыдан Бейнеуге барар жолда су тасқынынан эвакуацияланған жүкті келіншек сәбилі болды.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін