ШҚО-да Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында Үлбі өзені көтеріліп, жолды су шайып жатыр, деп хабарлады Қазақпарат.

ҚР Үкіметі

Өскемен, NEGE. Глубокое ауданындағы Үлбі өзенінің су деңгейі көтеріліп, Степное ауылының арғы жағында орналасқан карьер жағасын және технологиялық жолды су жайып жатыр.

«Жолды су алғанымен, жергілікті тұрғын үйлер аулаларға қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ бұл жол арқылы елді мекендерге көлік қатынамайтын. Су жағасы мен шайылған жол бөлігі су тасқыны кезеңі аяқталғаннан кейін қайта қалыпқа келтіріледі», - деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ Алтай ауданы Полянское ауылдық округінде Таволжанка өзенінің суы көтеріліп, Дородница ауылына апаратын жолдың бетіне шыққан. Аталмыш ауыл жоғары жерде орналасқандықтан елді мекенге қауіп жоқ. Жол арқылы көлік қозғалысына шектеу қойылмады.

«Екі жағдай бойынша да тәулік бойы мамандар бақылау жүргізуде. Қазіргі уақытта арнайы техника және мамандар әзірленген», - делінген ақпаратта.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады