Астана әуежайына шұғыл қонған ұшақтағы жолаушының жағдайы белгілі болды

Дәрігерлер 17 тамызда Астана әуежайына шұғыл қонған швейцариялық ұшақтағы  жолаушының жағдайы туралы айтты. 

Астана әуежайының баспасөз қызметі

Алматы, NEGE. Дәрігерлердің айтуынша, 52 жастағы жапониялық азамат қазір ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

«17 тамызда жедел жәрдем қызметі ер адамды әуежайдан №2 қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Оған ми қан айналымының жедел бұзылуы – инсульт деген диагноз қойылды», – деп хабарлады Астана денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, шетелдіктерге емдеу «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 88-бабының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

Еске салсақ, жолаушының инсульті ұстап қалғасын Swissair ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонғаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды