Қазақстан алтын сатып алу бойынша әлемде үшінші орында тұр

Барлық ел арасында Қазақстан Түркия, Үндістан және Қытайдан кейін сатып алу көлемі бойынша әлемде үшінші орынға ие болды, деп жазады inbusiness.kz.

elements.envato.com

Алматы, NEGE. Халықаралық валюта қорының мәліметінше, наурыз айында орталық банктердің таза алтын сатып алу көлемі 16 тоннаны құрады.

Бір айдағы ең көп алтынды (14 тонна) – Түркияның орталық банкі сатып алды, одан кейін Үндістанның резервтік банкі мен Қытайдың Халық Банкі алтын қорларын 5 тоннаға толтырды. Үшінші орынды 4 тонна бағалы металл сатып алған Қазақстан мен Сингапур бөлісті.

Наурыз айында Орталық Азия елдері арасында Қазақстан алтын сатып алу көлемі бойынша бірінші орынды иеленді.

Алтынның негізгі сатып алушылары Сингапурдан басқа дамушы нарықтары бар елдердің орталық банктері болды. Сингапурдың ақша-несие басқармасы – алтын қорын толықтыратын жалғыз дамыған нарық банкі.

Сондай-ақ Әзtрбайжан Республикасының Мемлекеттік Мұнай қоры (МҚҚҚ) жыл басынан бері алтын қорының 3 тоннаға артқанын хабарлаған жалғыз қор болды.

11 тонна алтын сатқан Өзбекстан мемлекеті қорын барынша азайтты. Иордания да қорын 4 тоннаға, Таиланд 10 тоннаға азайтты.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде