Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеуге өтемақы төлене бастады

Құлсары тұрғындарына баспананы жөндеу мақсатына арналған өтемақы төлене бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Massaget.kz

Атырау, NEGE. Құлсарының алғашқы 15 тұрғынына жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына өтемақы төленді. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесу барысында хабарлады.

Аудан басшысының айтуынша, 17 мамырда мүлікті бағалау нәтижелерін алған Құлсарының алғашқы 15 тұрғыны келісім шартына қол қойғаннан кейін өз шоттарына ақшалай төлемдер алған. Енді олар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына кіріседі.

Атырау облысының әкімі атап өткендей, Құлсарының әрбір тұрғынының тұрғын үйін бағалау бойынша жағдай жеке қаралады, - деді Жұмабек Қаражанов. Сондай ақ, ол тұрғындарға үйді апатты деп тану кезінде, сондай-ақ жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде келтірілген залалды өтеу тәртібі туралы ақпарат беріп өтті.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды