Майқайыңда қаза тапқан құтқарушының жаназасы шығарылды

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 шілдеде құтқарушы Айдос Шаймерденнің денесі табылып, бүгін Майқайыңда жаназасы шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

t.me/AsaiynBaikhan

Алматы, NEGE. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жаназаға қатысып, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ, облыс әкімі денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасына барды.

"Денесі әлі табылмаған автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің отбасымен кездестім. Жақын арада біз оны тауып, туыстарына бере аламыз деген үміттемін", - деп жазды облыс әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында.