Абылай Мырзахметовке қатысты сот жабық режимде өтеді

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының экс-төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сот отырысы жабық режимде өтеді. Сот бүгін прокурор оқыған тиісті өтінішті қанағаттандырды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. — Жоғарғы соттың 2002 жылғы 26 желтоқсандағы нормативтік қаулысының 6-тармағына сәйкес жариялылыққа тыйым салу туралы өтініш Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 29-бабының 1-бөлігі бойынша жәбірленушілердің, куәгерлердің, отбасы мүшелері мен жақын туыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет кезде ғана қанағаттандырылуға тиіс. Кодекстің 29-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот талқылауының жариялылығын шектеуге жәбірленушінің, куәгерлердің, жақын туыстары мен сот отырысына қатысатын басқа да адамдардың қауіпсіздік мүддесін талап еткен жағдайда жол беріледі, — деді прокурор Бауыржан Шекенов.

Бүгін таңертең Астанада Абылай Мырзахметовке қатысты басты сот отырысы басталды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін