Өскеменде ер адам оқ жарақатынан қайтыс болды

ШҚО полицейлері облыс орталығында оқ атқан ер адамды ұстады.

ШҚО Полиция департаменті

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қаңтар күні облыс орталығының «102» арнасына дабылды қоңырау түскен. Қоңырау шалушы кіреберістердің бірінің жанында ер адамның қанға боялып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген бойда мәйіт табылды. Болжам бойынша ер адам оқ жарақатынан қайтыс болған.

Бұл фактіге дереу патрульдік бөлімшелер жедел ден қойып, 10 минуттың ішінде 26 жастағы күдікті ұсталды.

«Аталған факті бойынша кісі өлтіру (ҚР ҚК 99) бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген полиция хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті