«Семей орманы» резерватында 5 жерден шыққан өрт сөндірілді

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 5 жерден шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Соңғы күндері «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт оқиғалары жиілеп кетті. 17 тамыз күні 5 жерге қызыл жалын жайылған.

«Әр жерге өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері шұғыл жетіп, тілсіз жаумен күреске түсті. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында барлық жердегі өрт сөндірілді. Анықталғандай, 5 жерде де оттың шығуына – найзағай себеп болған», - делінген «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватынан таратқан ақпаратта.

Еске салсақ, 15 тамыз сағат 18:00-ден 16 тамыз 13:00-ге дейін аталған орман қоры аумағында шыққан 18 өрт ауыздықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр