Алматы әуежайында жалған төлқұжат көрсеткен шетелдіктер ұсталды

2024 жылғы 15-16 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылау кезінде Франция мен Грецияның жалған құжаттарын ұсынған 3 шетелдік ұсталды.

ҰҚК

Алматы, NEGE.  Арнайы техникалық құралдармен жүргізілген қосымша тексеру олардың жарамсыздығын растады. Жалған төлқұжаттар алынды.

Екі адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, бір шетелдік азамат депортацияланды.

2024 жылдың басынан Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде шекарашылар жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды қолданудың 18 фактісін анықтады.

Қазір оқып жатыр

Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ