Жиналыс үстінде ұсталған шенеуніктің соты өтіп жатыр

Мемлекет қаржысына қол салды деп айыпталған бұрынғы қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушының ісі бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz

Шымкент, NEGE. Otyrar.kz басылымының хабарлауынша, сотта шенеунік пен кәсіпкерден сұрақ-жауап алынды. Екеуі де журналистерге өздерін суретке түсіруге тыйым салған.

Қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарған Азат Момынов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Талан-таражға түскен қаржыдан "ауыз тиді" деп айыпталып отырғандар қатарында жеке кәсіпкер де бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ақпараты бойынша, экс шенеунік қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген қаражатты ұрлаған деп күдікке алынған. Айыпталушылар келтірген залалдың болжамды сомасы – 120 миллион теңге.

Олардың қорғаушылары әділ соттан үмітті.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?