Қазақстандық теннисші Аргентинадағы жарыстың екінші айналымына шықты

Әлемнің 417-ракеткасы Дмитрий Попко Буэнос-Айрес (Аргентина) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Kazinform.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жарысты іріктеу сайыстарынан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 366-ракеткасы, бразилиялық Орландо Луспен ойнады.

Бірінші партияда бразилиялық спортшы 7:5 есебімен жеңіске жеткен. Алайда екінші сетте Попко таразы басын теңестірді – 6:4. Шешуші үшінші кезеңде отандасымыз қарсыласын 6:1 есебімен қиындықсыз жеңді.

2 сағат 24 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Дмитрий 6 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді.

Енді Попко ширек финалға шығу үшін әлемнің 327-ракеткасы, германиялық Тимо Штоддермен шеберлік байқасады.

 

Қазір оқып жатыр

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады