Астанада ҰБТ өткізу мерзімі кейінге шегерілді

Астанада кейбір талапкерлер үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру мерзімі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ұлттық тестілеу орталығы Астанада 2, 3 және 4 шілдеге белгіленген ҰБТ өткізу мерзімінің кейінге шегерілетінін хабарлады (Т.Жүргенов көшесі, 18/2 және Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А мекенжайы бойынша).

«Техникалық жұмыстарға байланысты 2, 3 және 4 шілдеге жоспарланған ҰБТ келесі мерзімге ауыстырылады: 2 шілдеге жоспарланған тестілеу енді 8 шілдеде, 3 шілдеге жоспарланған - 9 шілдеде, ал 4 шілдедегісі 10 шілде күні өтеді», - делінген хабарламада.

Жаңа тестілеу күндері туралы ақпарат тест тапсырушының жеке кабинетінде қолжетімді болатыны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

Берлинде «Ресей пайдасына тыңшылық жасаған» Қазақстан азаматы ұсталды

Вадим Борейконың зейнетақы түсетін банк шотын неге бұғаттап тастаған

Перуашев Бектеновтің басқару стилін жоғары бағалады

Базарбек шетелде қалып қойған «Болашақ» түлектерінен қаржыны қайтаруды талап етті