94 млн теңге: Өскеменде ірі көлемде ақша ұрлағандар ұсталды

Өскемен қаласында кеңсе сейфін бұзып, 94 млн теңгені ұрлап кеткен екі жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ШҚО ПД

Өскемен, NEGE. Екі ер адам қаладағы кеңселердің бірінен ірі көлемде ақша ұрлаған.

"Ұрлық фактісі бойынша полицияға арыз түсті. Жәбірленушілер белгісіз біреулердің кеңседегі сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын жеткізді. Ұрылар қылмыс орнынан кету жолдарын алдын ала ойластырып алған", - делінген хабарламада.

Олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша қашып құтылмақ болады. Бірақ ойлары іске аспады.

"Полиция қызметкерлері бірнеше күнге созылған жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ер адамдар сот санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды