СҚО-да 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды

СҚО-да 3 мыңға жуық отбасы біржолғы төлем алды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөніндегі арнайы құрылған комиссияларға 3807 өтініш түсті. 2972 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, төленген қаражаттың жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асады», - деді СҚО әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Серік Ғайсин ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Барлығы 347 тұрғын үй зерттелді, 125 тұрғын үйге бағалау жүргізілді, 23 тұрғын үй қалпына келтіруге жатады. Қала аумағында 34 саяжай серіктестігі су астында қалды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті