Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Бүгін өткен жарыссөзде прокурор Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасуда. Оған бопсалау және озбырлық жасады деген айып тағылып отыр. Гүлмира Сатыбалдымен бірге оның жүргізушісі Мәди Батыршаевқа да айып тағылды.

Прокурор Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға қамап және жазасын қатаң тәртіптегі қылмыстық-атқару жүйесінде, ал Мәди Батыршаевты 10 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа қылмыстық-атқару жүйесінде өтеуін сұрады.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта жануарларды эвтаназиялау туралы заңға қарсы митинг өтеді

Қаракемердегі оқушылар қазасы: облыс әкімінің орынбасары оқиға орнына барды

Саясаттанушы: Бір мандаттылар Парламентті түбегейлі өзгертіп жіберді деу қиын

Еуропалық Одақ қытайлық Temu, Shein және басқа маркетплейстеріне айыппұл салуы мүмкін