Бразилияның оңтүстігінде нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 56-ға жетті

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатында нөсер жауын салдарынан қаза тапқандар саны 56 адамға жетті, 67 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 32,9 мың адам эвакуацияланды, кемінде 356 мың адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Reuters

Алматы, NEGE. Бұл туралы сенбі күні Бразилияның азаматтық қорғаныс агенттігі хабарлады, деп жазады Синьхуа.

Агенттіктің хабарлауынша, штатта бір аптаға жуық уақытқа созылған толассыз жаңбыр осы уақытқа дейін 281 муниципалитетке әсер етіп, өзендер арнасынан асып, штат астанасы Порту-Алегри толығымен дерлік су астында қалды.

«Бұл сандар күрт өзгеруі мүмкін», - деді штат губернаторы Эдуарду Лейте.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва техникалық және қаржылық көмек көрсету үшін Порту-Алегриде төтенше жағдай кеңсесін ашуға бұйрық берді. Жұма күні таңертең ұлттық күштердің 100 мүшесі, элиталық полиция күштері құтқару операциясына көмектесуге жіберілді.

Риу-Гранди-ду-Сул - Оңтүстік Американың ортақ нарығының құрлықтағы көлік бағыттарының негізгі нүктесі және Бразилиядағы күріш, соя және ет өндірушілерінің бірі.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды