Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

Былтыр волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офисі жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" Заңға түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған.

Қазір оқып жатыр

Ерболат Досаев қызметінен босатылды

Каспий жағалауынан өлі аққулар табылды

КҚК Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басым бағыты болып қала береді

Серік Сәпиев тағы бір қызметке тағайындалды