Жетісуда кәсіпкерден қорқытып ақша алған адамдар сотталды

Жетісу облысында прокуратураның ұйымдастыруымен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша қорқытып алушылықпен айналысқан топтың әрекетін жедел түрде жолын кесті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 189 бабының 2 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.