Соңғы екі тәулікте Алматы маңынан төрт жер асты дүмпулері тіркелді

23-24 наурыз аралығында отандық сейсмологтар Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай аумақта төрт афтершокты тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Zakon.kz

Алматы, NEGE. Қайталанған төрт жер асты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығыс бағытында 250-280 шақырым жерде, яғни қаңтар айындағы қатты жер сілкінісі тіркелген орында болды.

Алғашқы жер асты дүмпуі 23 наурызда сағат 02:03-те тіркелді. Оның ошағы Алматыдан 254 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 11.2; магнитудасы - 4.3; тереңдігі - 10 км.

Екіншісі 23 наурызда сағат 06:41-де болды. Оның ошағы Алматыдан 262 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 12; магнитудасы - 5.2; тереңдігі - 10 км.

Үшінші афтершок 23 наурызда сағат 08:45-те тіркелді, ошағы Алматыдан 260 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 10.6; магнитудасы - 4.9; тереңдігі - 10 км.

Төртінші, соңғысы 24 наурызда сағат 11:15-те болды. Ошағы - Алматыдан 280 шақырым қашықтықта орналасқан: энергетикалық класы - 9.7; магнитудасы - 4.3; тереңдігі - 10 км.

Айта кетсек, соңғы қатты жер сілкінісі Алматыда 4 наурызда сағат 11:22 шамасында болды. Ол кезде мамандар 5 балдық жер сілкінісін тіркегенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған