Елизавета Безрукова нысана көздеуден Қазақстан рекордын жаңартты

Шымкент қаласында нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы (2003 және одан кейінгі жылдары туғандар) Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Kazinform.

Шамкен Байырбек

Алматы, NEGE. Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, бұл бәсекеде ұлттық құрама спортшысы Елизавета Безрукова 10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден ел чемпионы атанды. Ол іріктеу кезеңінде 632.7 ұпай жинады.

Ал, екінші орынды ұлттық құраманың тағы бір өкілі Александра Ле (630.2 балл) иеленді.

Бұл бағдарламадағы жассөспірімдер мен ересектер арасындағы осыған дейінгі еліміздің үздік көрсеткішін Елизавета Безрукова (630.9 ұпай) тіркеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Айта кетейік, нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты 16 наурызда мәресіне жетеді. Спорттық бәсекеге 10 өңірден 163 спортшы қатысуда. Олар барлығы 25 жүлде жиынтығын сарапқа салып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды