Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

29 тамызда Алматыда кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот Сатыбалды Гүлмираны Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша "Заңсыз бас бостандығынан айыру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. "Бопсалау" және ҚК 389-бабының 4-бөлігі "Өз бетінше билік ету" бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды қатаңырақ жазамен Сатыбалдыға түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды жартылай қосу арқылы түпкілікті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады