Ақтауда эвакуациялық пункт ашылды

Ақтауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Жылыой ауданының азаматтарына арналған эвакуациялық пункт ашылды.

Атырау облыстық әкімдігі

Алматы, NEGE. Қаланың 17 шағынауданында орналасқан жатақханаға Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі орналасады.

Сонымен қатар, Ақтау қаласы бойынша 24/7 CALL-орталық жұмыс тәулік бойы жұмыс істейді. Қажет жағдайда көмекке жүгінгендерде 8 (7292) 33 65 04 байланыс нөміріне хабарласа алады.

Бүгінде Маңғыстаулық дәрігерлер Бейнеу ауданына эквакуцияланғандарға медициналық көмек көрсетуге аттанған болатын.

Сондай-ақ, Су басқан Құлсарыдағы ауруханадан 77 науқасты Маңғыстау облысына апаратыны мәлім болды.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті