6 Мамыр 13:41

Алматыда Әзербайжан-Армения келіссөзінің өтетін күні белгілі болды

Әзербайжан-Армения
Фото: ғаламтордан

Әзербайжан-Армения келіссөзі Алматыда 10 мамырда өтеді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Алматы, NEGE. «Бұған дейін қол жеткен уағдаластыққа сәйкес, Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер ведомстволарының басшылары арасындағы келіссөз Алматы қаласында 10 мамырда өтеді», - деді ресми өкіл.