USD
USD
USD

Үндістанда қауіпті Нипах вирусы өршіді

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатында өлімге әкелетін Нипах вирусы өршіді, деп хабарлады The Guardian. 

Үндістанда қауіпті Нипах вирусы өршіді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл жарқанаттардан жұғатын қауіпті вирус. Жұқтырған адамның денесі қызып, құсады және тыныс алу жолдары тарылады. Ал оның асқынған белгілері денені құрыстырып, мидың қабынуына алып келеді. 

Қазірдің өзінде қауіпті вирустан екі адам қайтыс болды.

Билік адамдарды жаппай вирусқа тексеріп жатыр,сонымен қатар қоғамдық жиындарды шектеді және кейбір мектептерді жапты.

Бұл 2018 жылдан бері аймақта індеттің төртінші рет өршуі. Нипах вирусының өлім-жітім деңгейі 40-75% және оның вакцинасы жоқ.

Қазір оқып жатыр

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев

​Астанада ер адам көлік иесінің көз алдында Valentino сөмкесін ұрлап кеткен

.

АҚШ-тың жаңа салығы Қазақстанға қалай әсер етеді: министрлік түсіндірді

Трамп