23 Ақпан 17:12

Түркияда жер сілкінісі салдарынан 1858 бала жетім қалды

Фото:

Бұл статистиканы Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экижи хабарлады.

Алматы, NEGE. «Ресми деректерге сәйкес, 1858 жетім баланың 1645-нің құжаттары табылып, жеке басы анықталды. Соның нтижесінде 1314-і жақын туыстарымен байланыса алды. Алайда 213 баланың құжаты әлі табылмады», - деді Уфук Экижи. 

Егер жақын туыстары табылса, балалар сол жақындарына беріледі. Шетелдіктердің оларды асырап алуына рұқсат етілмейді.

– Бұл балаларды басқа елдердің азаматтары асырап ала алмайды. Құжаттары табылса, Түркиядағы туыстарының отбасыларына орналастырылады, - деп түйіндеді Уфук Экижи.

Тегтер: