23 Наурыз 18:32

Швеция парламенті НАТО-ға кіруді мақұлдады

Фото:

  Ұйымға қосылу туралы заң жобасын 296 депутат қолдап, 37-сі қарсы дауыс берген. 

Алматы, NEGE.  Үкімет өкілдерінің мәлімдеуінше, шілдеде өтетін Вильнюстегі саммитте Швеция ұйымға мүше ел тізіміне ресми түрде енгізілуі тиіс. Айта кету керек, Түркия мен Венгрия әлі де Скандинавия елдерінің өтінішін бекіткен жоқ. Анкара наурыз айының соңында Швецияның емес, Финляндияның НАТО-ға кіруін мақұлдаймыз деп отыр. Ал Будапешт екі елдің кандидатурасын бөлек-бөлек қарастыратынын жеткізді. 

Тегтер: