30 Сәуір 12:29

Мигранттар Чили-Перу шекарасынан өте алмай тұр

Фото:

Жүздеген адам, басым бөлігі Венесуэла тұрғындары Арика қаласына жақын маңдағы Чили мен Перу арасындағы шекаралық өткізу пунктінде бесінші күн бөгеліп тұр, деп хабарлайды Euronews агенттігі. 

Алматы, NEGE. Олардың сөзінше, мигранттар ары қарай өз елдеріне жету үшін шекарадан өтпекші. Бірақ Перу билігі құжаттары жоқ болғандықтан оларды елге кіргізбей жатыр.

Мигранттар Чилиден баға өсіп, жұмыс табу қиындап, тұруға ыхтиярхат алу мүмкін емес болғандықтан кетіп бара жатқанын айтады.

Екі ел билігі тіркеу пункттерін жасап, шекарадағы мигранттарға уақытша құжат береміз деп уәде берді. Чили прокуратурасының мәліметі бойынша, биылдың өзінде елге шамамен 10 мың заңсыз мигрант келген.

Қазіргі уақытта ел парламентінде заңсыз иммиграцияны қылмыстық іс деп қарап, бір жарым жылға дейін бас бостандығынан айыратын заң жобасы талқыланып жатыр.

Перу парламентіне бейсенбі күні мұндай тәртіпбұзушылық үшін 10 жылға дейін түрмеге қамауы мүмкін заң жобасы енгізілді.

Тегтер: