10 Ақпан 19:21

Қытайлық ғарышкерлер алғаш рет ашық ғарышқа шықты

Фото:

Бүгін - 2023 жылдың 10 ақпаны Қытайдың ғарыш саласындағы тарихи күн, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Қытайдың Тяньгун ғарыш стансасының құрылысы аяқталғаннан кейін 2022 жылдың 30 қарашасынан бері бортында болған астронавтар алғаш рет ашық ғарышқа шықты.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, «Шэньчжоу-15» ғарыш кемесінің экипаж мүшелері тапсырманы сәтті аяқтаған.Ғарышкерлер Фэй Цзюньлун мен Чжан Лу ашық ғарышқа шықты, ал үшінші экипаж мүшесі Дэн Цинмин ғарыш стансасының ішінде болып, экипаждағы әріптестерінің ғарыштағы жұмысына қолдау көрсетті.
Шамамен жеті сағатқа созылған кемеден тыс әрекеттер кезінде ғарышкерлер бірнеше тапсырмаларды орындады, соның ішінде «Мэнтянь» зертханалық модулінен тыс қосымша сорғылар орнатылды.

Осыдан кейін Фэй Цзюньлун мен Чжан Лу Вэньтянь зертханалық модуліне аман-есен оралды. Белгілі болғандай, «Шэньчжоу-15» экипажы орбитадағы жарты жылдық вахтада бірнеше рет ашық ғарышқа шығып үлгеруі керек.

Тегтер: