28 Ақпан 14:53

Каспий теңізінің жағасынан 18 адамның сүйегі табылды

Фото:

Дағыстанда адамдардың сүйегі көмілген орын табылды, деп хабарлады ТАСС республика бойынша Тергеу комитетінің (ТК) департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Бұл жағдайға қатысты тергеу жұмыстары басталды. 

Ведомствоның хабарлауынша, адам қалдықтары ХХ ғасырдың 30-жылдарына тиесілі болуы мүмкін.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, Махачкала мен Каспий теңізінің аралығындағы «Джами» қонақ үйінің аумағында құрылыс жұмыстары кезінде 18 адамның қаңқасы табылған. Қаңқалардың бас сүйегінде оқ көлеміндей тесіктер анықталған. 

Тегтер: