19 Ақпан 13:32

Ыстанбұлда сейсмикалық талаптарға сай емес 93 мектеп жабылатын болды

Фото:

  Ыстанбұлдың әкімшілік басқармасы сейсмикалық қауіпсіздік талаптарына сай емес 93 мектепті жаппақ.

Алматы, NEGE. Олардың ішінде 76 мектепті бұзып тастайды немесе реконструкциялайды, ал 17 мектеп жаңартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның сайтына сілтеме жасап.

«20 ақпанда аталған мектептердің оқушыларын аудандық гумбернаторлардың үйлестіруімен қауіпсіз мектептерге ауыстырады. 51 995 оқушы мен 2 765 мұғалім сейсмикалық жағынан қауіпсіз мектептерге барады»,-делінген Ыстанбұлдың әкімшілік басқармасының хабарламасында.

Сейсмикалық қауіптердің деңгейін төмендету үшін Ыстанбұл мектептеріне тексеру жүргізілді. Қалада 1999 жылы салынған 1418 мектептің 67-і сейсмикалық жағынан берік деуге болады, ал 1351 мектеп қауіпті жағдайда.

Еске салайық, 6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.

Тегтер: