USD
USD
USD

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті

Иранның солтүстік-батысы Батыс Әзербайжан провинциясы Хой қаласында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккендер саны 816-ға жетті, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Иранда зілзаладан зардап шеккендер саны 816 адамға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы жексенбі күні провинция губернаторы Мохаммад Садег Мотамедян мәлімдеді. Алдын ала бағалау бойынша, зілзала 2 қала мен 70-тен аса ауылға нұқсан келтірген, 20-50% ғимарат бүлінді, деп атап өтті ол.

Магнитудасы 5,9 балдық жерасты дүмпуі 28 қаңтарда Иранның солтүстік-батыс бөлігінде тіркелді. Зілзала ошағы 175 мың адам тұратын Хой қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 23 шақырым жерде болған. Тереңдігі - 7 шақырым.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев