USD
USD
USD

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары дарға асылды

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әли-Реза Әкбар дарға асылды. Оған "Ұлыбританияға тыңшылық жасады" және "сол үшін сыйақы алды" деген айып айыпталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Иранда қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары дарға асылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әли-Реза Әкбарда Иран және Ұлыбритания азаматтығы болған. Оның дарға асылғаны туралы BBC сайты Ирандағы мемлекеттік ақпарат құралдарына сілтеме жасап хабарлаған.

Әли-Реза Әкбар 2019 жылдан бері қамауда отырған. Оған "Британ барлау қызметіне тыңшылық жасап, сол үшін екі млн доллар сыйақы алды" деген айып тағылған. BBC-дің Иран қызметінің хабарлауынша, Әкбар азапталғаннан кейін тағылған айыпты мойындаған.

Ұлыбритания премьер-министрі, сыртқы істер министрі де мұны жабайы режимнің әрекеті деп бағалап, істің саясиланғанын айтқан. Франция билігі де Иранның бұл әрекетін айыптаған.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Тимур Турлов

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев