26 Ақпан 17:42

Ердоғанның жұбайы зілзала аймағына барды

Фото:
Емине Ердоған жер сілкінісінен соң шатырды паналаған тұрғындармен кездесті

, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Түркияның бірінші ханымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Хабитат атқарушы директоры Маймунах Мохд Шариф зілзаладан зардап шеккен Газиантеп қаласының Нұрдағы және Ислахие аудандарына барып, тергеу жұмыстарына қатысты.  

Емине Ердоған мен Шариф Нұрдағындағы "Түркия – бір жүрек" алаңында орналасқан толық жабдықталған контейнерлік қалашықта болып, жер сілкінісінен зардап шеккен отбасылармен кездесті.

Жүздесу барысында зілзала құрбандарының жақындарына көңіл айтты. Әңгіме кезінде зейнеткер ұстаз Сүлейман Атмажа үйінді астынан қалай құтқарылғандары туралы баяндады. Оның айтуынша отбасымен құлаған ғимараттың астында қалғанда әйелінің жанында пеш жағатын оттық болған. Соның жарығымен балаларымен байланыс орнатқанын айтты.

Сонымен қатар Емине Ердоған мен Шариф психоәлеуметтік қолдау қызметкерлерінің жұмысы жайлы ақпарат алды және әйелдер кооперациясының жұмыс шеберханасындағы кәсіптік оқыту мұғалімдерімен кездесті. Әрі тұрғындардың қажеттіліктері туралы олардың өз аузынан естіді.

Жер сілкінісінен аман қалып, шатырды паналаған Хидайет Бахар: "Біз қоғам болып бұл күндерді де артта қалдырамыз. Содан кейін өрік жеу үшін қайтадан Малатьяға, күнефе үшін Хатайға, ал балмұздақ жеу үшін Қахраманмарашқа барамыз", - деді.

Бірінші ханым болса: "Еш күмәніңіз болмасын, бұл тілегіңіз міндетті түрде орындалады", - деді.

Тегтер: