USD
USD
USD

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді

Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруі туралы хаттамаға қол қойып, парламенттің қарауына жіберді, деп хабарлайды Хабар-24. 

Ердоған Швецияның НАТО-ға кіруіне келісім берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сөйтіп, ресми Анкара 1 жылдан астам уақыттан кейін скандинавиялық елдің солтүстік альянсқа қосылуына жол ашты. Швеция мен Финляндия НАТО-ға мүше болу үшін өтінішті былтыр мамыр айында жөнелткен.

Бірақ Түркия қос мемлекетке бірқатар талап қойған еді. Финляндия біраз уақытқа созылған келіссөзден кейін Одаққа тек биыл сәуір айында мүше болып кірді. Ал Швеция Түркиямен лаңкестікпен күрес бойынша көпке шейін келісімге келе алмады.

Енді Швецияның НАТО-ға мүше болуы үшін Венгрияның қолдауы  қажет.

Қазір оқып жатыр

TikTok-та домбыра туралы жағымсыз пікір білдірген ер адам 3,5 жылға сотталды

Домбыра

Қырғызстанда шетелдік нөмірі бар көліктерді заңдастыруға соңғы мүмкіндік берілді

.

АИ-92 бензинін Қырғызстанға заңсыз шығарған қылмыстық топтың ісі сотқа жолданды

Адам ұрлау

Қарағандыда қамқорлыққа алған алты баланы ұрып-соққан ерлі-зайыпты сотталды

сот үкімі