12 Мамыр 08:29

ДДҰ маймыл шешегіне байланысты жарияланған ТЖ режимінің күшін жойды

Фото:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) маймыл шешегіне байланысты енгізілген денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай режимінің күшін жойды.

Алматы, NEGE. Женевада өткен брифингіде сөз сөйлеген ұйым басшысы мұндай шешім сырқаттар саны 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда айтарлықтай азайғаннан кейін қабылданғанын айтты.

«Мpox-пен байланысты төтенше жағдай жөніндегі комитет көптеген елдерде тіркелген mpox бұдан былай халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай еместігін маған жеткізіп, ұсыныс көтерді. Мен бұл ұсыныспен келістім және mpox енді денсаулық сақтауда төтенше жағдай еместігін қуана хабарлаймын», - деді Т.Гебрейесус.

Тегтер: