USD
USD
USD

Ауғанстанда тәліптер қыздардың университетте оқуына ресми тыйым салды

Ауғанстанда билікті басып алған «Талибан» қозғалысы қыздардың жоғары оқу орындарында оқуына ресми тыйым салды.

Ауғанстанда тәліптер қыздардың университетте оқуына ресми тыйым салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Үкіметтің (Талибан) шешіміне сәйкес, қыздарға жоғары білім алуға келесі ескертуге дейін тыйым салынады», - делінген Ауғанстанның Жоғары білім министрлігінің жарлығында.

Бұйрықта оны мүмкіндігінше тезірек қолдану және қабылданған шаралар туралы министрлікке хабарлау қажет екендігі атап өтілген.

Талибан билігі бұған дейін қыздардың орта білім алуына тыйым салғаны үшін сынның астында қалған болатын. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстанға Көмек көрсету Миссиясы бірнеше рет билікті қыздардың оқуын жалғастыруына рұқсат беруге шақырып, егер қыздардың орта мектептерге баруына тыйым салу жалғаса берсе, бұл елдегі дағдарысты, қауіпсіздік пен кедейлікті күшейтеді деп ескертіп келген. 

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Alatau City Authority және прокуратура органдары инвесторлардың құқығын қорғау жөніндегі меморандумға қол қойды

Alatau City

«Балаңыз қатты дуаланған»: полиция алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертті

алаяқтық

Қазақстан бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 22 сәуірді Халықаралық планетаны көгалдандыру күні деп жариялады

Халықаралық планетаны көгалдандыру күні