29 Қаңтар 13:28

Америка азаматы Ninety one әндерін тыңдап, қазақ тілін меңгеріп шыққан

Фото:

Америкалық Эван Аллен 2022 жылғы қыркүйектен бастап АҚШ үкіметінің Фулбрайт бағдарламасы бойынша Тараздағы университеттердің бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Ол қазақша үйрену үшін ресурстарды таба алмаған кезде Ninety one тобы туралы білген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы, NEGE. "Мен Ninety one-ды бірнеше жыл бұрын, қазақ тілін енді үйрене бастағанда тыңдадым. Мен орыс тілін білмегендіктен, қазақ тілін үйренуге арналған ресурстарды табу қиын ғой. Сол үшін бұл топ туралы көбірек білген уақытта өте қуандым, - дейді америкалық оқытушы.

Эван Ninety one тобының барлық дерлік әнінің сөзін жатқа біледі және әр сөздің айтылуына мән береді.

"Мен олардың әндерін тыңдап, YouTube-тен Ninety one Space бейнебаяндарын қарап, олардың әндеріндегі әр сөздің айтылуын және интонациясын қайталап, қазақ тілін жақсарту үшін көп уақыт өткіздім", - дейді ол.

Америка азаматы Қазақстанда жүргенде өзінің сүйікті тобымен кездесіп, топ мүшелеріне музыкасы үшін  алғыс айтқысы келеді.

"Өткен айда досыммен бірге Астанадағы жеке концерттеріне бардым. Мен өте бақытты әрі қуанышты болдым және мен сияқты әр сөзді білетін адамдардың арасында өте керемет болды. Ninety one, сіздерге музыкаларыңыз үшін рақмет айтамын және бір күні сіздермен жеке кездесіп, алғыс айта аламын деген үміттемін", - дейді ол.

Тегтер: