23 Сәуір 13:47

Air China Астанаға алғашқы рейсті орындады

Фото:
"Бүгін түнде "Air China" алғашқы рейсті орындады. Қазақстан астанасына 60 жолаушы келіп, 21 адам кері ұшып кетті", - деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов

, деп хабарлайды Караван.

Айта кетері, Қытай әуе компаниясы 21 сәуірден бастап Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен тікелей жолаушылар рейсін қайта бастады.

Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Тегтер: