USD
USD
USD

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Астанада журналист Махамбет Әбжанға сот үкімі шықты.

Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Махамбет Мұратбекұлы Әбжан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы 3-бөлігі, 2-тармағы, 194-бабы 4-бөлігімен қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Және оған 274-баптың 3-бөлігі бойынша - 2 жыл, 194-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша - 9 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалсын", - деді Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотының судьясы Айжан Құлбаева.

Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды.

2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.

Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын. Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.

Бейне ақпарат қоса беріледі.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт