USD
USD
USD

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының тұрғыны ауылдасын өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Аталған дерек Панфилов ауданында тіркелді. Онда 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлықпен өлім белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.

– Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар арасында жанжал пайда болып, пышақпен төбелеске ұласқаны алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды, – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президенттігіне өз кандидатурасын ұсынды

Тимур Турлов

Ресей депутаты мигранттарды отбасымен бірге депортациялауды ұсынды

.

6 жасар балада С гепатиті анықталып, Алматы облысында тексеру басталды

С гепатиті

Дастан Сәтпаев «Челсимен» бірге бес матч өткізеді

Дастан Сәтпаев